Облыстық білім беру басқармасының басшысы тағайындалды

Бүгін облыс әкімінің тапсырмасымен облыстық білім беру басқармасының басшысы тағайындалды.  

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Telegram-каналында жазды.

“Атыраудың білім саласында айтарлықтай мәселелер бар екенін білеміз. Саланы дамыту үшін білімді, алғыр азаматтар қажет. Облыс әкімі Ерлан Талғатбекұлының білімімен тәжіриебесін ескере, күрделі саланы жетілдіреді деп сенім артуда. Сондықтан да, атыраулықтарды жаңа әріптесімізге қолдау көрсетулеріңізді сұраймын”,- деп жазды ол.

Облыстық білім беру басқармасының басшысы лауазымына 40 жастағы Ерлан Сламбеков тағайындалды.  Ол – Теміртау қаласы, КТЛ мектебінің түлегі. Түркияның Селжүк университетін тарихшы мамандығы бойынша бітірген, өмір жолын білім беру саласына арнап келеді Бірқатар өңірлерде Білім инновация (КТЛ) мектептерін басқарған. Соңғы қызметі, Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы басшысының орынбасары болған. 

Н.Насыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз