Жыл сайын 18 мамырда әлемнің түкпір-түкпірінде Халықаралық музей күні атап өтіледі. Міне, осы атаулы күн қарсаңында облыстық тарихи – өлкетану музейінің аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Музей – өткеннің айнасы, болашақтың мұрасы» атты Quiz интеллектуалды ойыны өткізілді.
Аталмыш іс-шараның шымылдығын музей меңгерушісі Назерке Нұрболатқызы ашып, мерекенің маңыздылығына тоқталды.
¬-Музей – халықтың өткені мен бүгінін жалғайтын алтын көпір. Онда сақталған әрбір жәдігер –бір дәуірдің куәсі, - деді ол өз сөзінде.
Жастардың арасында кең тарала бастаған интеллектуалдық сайыс ойы ұшқырлардың бас қосатын бірден бір ортаға айналып келе жатқаны қуантады. Осылайша аталған сайысқа бес команда белсене атсалысса, олар аудандық «Жалын» мәдениет үйі, балалар кітапханасы, қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, облыстық мемлекеттік архивінің аудандық филиалы және де «Ақжан» сауда орталығының ұжымы қатысты.
Мұнда қатысушылар топ болып бірігіп, сұрақтарға тапқырлықпен тез әрі шапшаң жауап беруден бөлек, логикамен де сыналды. Жарыстың орташа ұзақтығы – 2-2,5 сағат. Интеллектуалдық алаңда шамамен 35-50 сұрақ қойылды.
Ойынның әр кезеңі сайын қатысушылар қыза түсіп, бәсекелестігі артты. Бірақ шапшаң, қырағы, ойы ұшқыр, логикаға сүйіне білген командалар шаршы топтан оза түсіп, алға шықты.
Нәтижесінде балалар кітапхана ұжымынан құралған «BookStar» командасы 3- орын иеленсе, «Жалын» командасы 2-орын еншіледі.
Ал сайыскерлер ішінен ұтқырлығымен «Ақжан» командасы жүлделі 1-орынға лайық деп танылды. Басқа да қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хат пен естелік сыйлықтар ұсынылды.
Сағыныш ҚАЙЫР