Оқу-жаттығу олқы тұстарды анықтады

 

Ауданымызда көктемгі өр суы тасқынының алдын алу, оларды жою, жағадағы қорғаныс бөгеттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіпті жағдайда жұмылдырылатын техникалардың дайындығын тексеру мақсатында «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.

Бұл жердегі мақсат –аудан көлемінде азаматтық қорғау қызметінің құрылымдарын жоғары әзірлікке келтіру, ықтимал төтенше жағдайларды дер кезінде жою, көктем кезіндегі төтенше жағдайда халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету, зардап шеккендерді эвакуациялау және ұйымдар арасында өзара іс-қимылды ұйымдастыру, қолда бар күштерді, құралдар мен ресурстарды тартуға жан-жақты жәрдем және көмек көрсету жұмыстарын жүргізу болды.

Оқу-жаттығу барысы  Жанбай ауылдық округіндегі  спорт кешені алаңында  10 мекеме өкілінің күш-құралдар мен техникалардың әзірлігін қарау үшін сапқа тұрғызылды. Саптық тұрғызылуға аудан көлеміндегі Азаматтық қорғаудың оқу-жаттығуға тартылатын жеке құрамның жалпы саны 135 қызметкер және 32 түрлі техника қатысты.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Бағдат Абдуллин мен рапорт қабылдаған аудан әкім орынбасары Нұрғайша Әбежан сапта тұрғандардың дайындығын тексерді.

Сондай-ақ, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою кезінде жергілікті атқарушы органдарға бағынысты азаматтық қорғау күштері мен құралдарын басқару бойынша іс-қимылдар және өзара іс-қимылдар үйлесімділігін жетілдіру қажеттігін айтып, әрбір құрылым өздеріне тиісті жұмыстарды шұғыл үйлестіруге дайын болу қажеттілігі де саптағылардың қаперіне берілді.

Саптық дайындық аяқталғаннан соң мекемелер оқу-жаттығудың практикалық бөліміне кірісті.

Десе де, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы қандай жағдайға да дайын екендіктерін жеткізді.

-Бекітілген күнтізбеге сәйкес «көктем-2024»  оқу жаттығуы өткізілді. Осы шаралар облыстық деңгейде Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылының орталығында болса, біздің аудандағы практикалық оқу-жаттығу  Жанбай ауылдық округінде өту  белгіленген. Осы аталған оқу жаттығудың өту себебі көктем тасқынының алдын алу, салдарын жою болып саналады.Іс-шараға аудандағы азаматтық қорғау қызметінің құрылымдары  арасында саптық дайындау өткізілді.Облыстық штабпен берілген тапсырмалар бойынша уақытша дамбы тұрғызу , соның салдарын жою бағытында адамдарды көшіру, қабылдау бойынша да пункттер бөлінген.Сонымен қатар, су тасқыны кезінде Жанбай ауылдық округі жарықсыз қалып, жарықты қалпына келтіру және оның салдарын жою бойынша  «Атырау-Жарық»  бригадасымен практикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылып жатыр. Аталған жиынға барлық қызметкер толықтай жұмылдырылды,-дейді аудан-дық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы.

 

Сағыныш САЙЛАУБАЙ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521