ОҚУШЫЛАР ШАЛҚАРБАЙ ІЗБАСАРОВПЕН ОНЛАЙН ЖҮЗДЕСТІ

Өркен мектебінің оқушылары «Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық тұжырымдамасы негізінде «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағы» облыстық филиалының төрағасы, ҚР мәдениет саласының үздігі, айтыскер ақын Шалқарбай  Ізбасаровпен онлайн кездесу өткізді.

Аталған жобаның негізгі мақсаты - оқушылардың сана-сезіміне ұлттық төл өнерді түсінуге, шешендікке шыңдалып, қара сөздің құдіреттілігіне зер салып, ой түюге, сайып келгенде ұлттық мәдениетті дәріптеп, құндылықтарын бойға сіңіру. Онлайн кездесу барысында оқушылар белгілі айтыскер ақынға сауалдар қойып, тұщымды жауаптарын ала алды.

Қазақ халқы - сөзге, әнге бай, өнерлі халық. Халқымыздың асыл қазынасын, төл өнерді дамытып, рухани байлығымызды бойымызға сіңіру – біздің басты талабымыз. Өскелең ұрпақ ұлттық өнер жайлы білу керек. Осы мақсатта, бізбен онлайн байланысқа шығып отырған айтыскер ақын арнауын да жолдады.

- Атқызар өлеңменен шайыр ақ таң,

Шабыт қой жырларымды жайып жатқан.

Өркен орта мектебі жасай берсін

Бүгінде білетінді мойындатқан.

Біріміз-бірімізді сағынайық,

Жамандықтан әрдайым арылайық.

Оффлайн болмаса да, жолықтық қой,

Дарынға шын құрметтің бәрі лайық.

Жанна апай айтқандай, Алла жазса,

Оффлайн жақсылықта жолығайық, -деген Шалқарбай ақын кештің көркін кіргізді.

Кеш қонағы балалардың бойындағы сөз өнеріне қызығушылығын арттырып, дарынды оқушының талантын шыңдау үшін әдемі айтыс жасады. Тіпті, осы өнер саласындағы түрлі кеңестерімен бөлісіп, ел ертеңі - жастарға шығармашылық  табыс, толағай жетістік тіледі.

                                                                                                                                                            Қырмызы СЫДИҚОВА,

                                                                                                           Өркен орта мектебі директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521