Жақында Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында қазақ күресінен 2009-2011жылы туған жасөспірімдер арасында Батыс аймақтық ашық турнир өтті. Бұл турнир Ұлы отан соғысының ардагері, «Қызыл жұлдыз» ордені және «Ерлігі үшін», «Одессаны және Сталинградты қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медалі мен «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері Уали Жайықовты еске алуға арналған іс-шара еді.
Аталған жарысқа 150-ге жуық оқушы қатысқан болатын.Солардың қатарында Исатай аудандық «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің» шәкірттері қатысып, жүлделі орындармен оралды. Атап айтқанда, 55 кг салмақ дәрежесінде Төлеу Алихан 1-орын иеленсе, 38 кг салмақ дәрежесінде Ғылым Қыдырәлі 3-орын алды. Бапкері Азамат Лесов.
Ал 75 кг салмақ бойынша Аққали Даниал, Нұрғалиұлы Құдырет 2-орын еншіледі. Бапкері Нұрсұлтан Әбдеш. Ендеше, спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз. Алар асулары көп болсын!
Жұлдыз СЕМБИЕВА