Оқушылардың діни сауаттылығына сынып жетекшісі жауапты ма?

«Оқушылардың діни сауаттылығын жетілдіруде сынып жетекшінің рөлі» тақырыбында аудандық оқыту семинары өтті.

Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен аудан мектептерінің сынып жетекшілері, психологтары, ұйымдастырушылары және дінтану пәнінің мұғалімдеріне арналған семинарға барлық мектептерден 100-ден аса ұстаз қатысты. Аталған семинардың бірінші бөлімінде аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Махмутов және аудан әкімінің орынбасары Н.Абежан алғы сөз сөйлеп, өткізіліп отырған оқыту семинарының негізгі мақсатын түсіндіріп, қазіргі жас ұрпақты тәрбиелеуде, дұрыс жол көрсетуге сынып жетекшінің рөлі ерекше екендігін, сондай-ақ діни дұрыс жолды көрсету мемлекеттік маңызға ие болып келе жатқандығын айтты.

dinsem2

Келесі болып сөз алған аудандық ақпараттық талдау орталығының маманы Е.Насимуллин дін мәселесінде тәуелсіздік алғаннан кейінгі кездегі қабылданған жарлықтар мен заңдар олардың, қандай мәселелерді қарағаны мен маңызын айтты. «Шапағат деструктивтік діни ағымдардан шапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының Исатай ауданындағы теологі Н.Хаван ислам тарихын айта отырып, ислам дінінің қазақ халқы өмірін ертеден бері енгенін дәлелдеді. Мектеп оқушыларына тәрбие берудегі деструктивті діни ағымдардың қандай топтарға бөлінетіндігі және олардың өздеріне адам тартудағы әдіс айлалары туралы террорлық әрекеттер, кескін келбеттерін слайд арқылы көрсетті.

dinsem

Одан әрі қоғамдық қор мамандары Салтанат Нұрбекова, Айнұр Тергеусізова қатысушы ұстаздарға деструктивті діни ағымдарға ерушілермен жұмыстың психологиялық қырлары туралы айтып, теріс діни ағымдардың адамдарды қалай арбауына түсіретінін, жолдарын айтты және өз өмірінен мысалдар келтірді. Жалпы, бұл шара қоғам өмірінде маңызды сала болғандықтан қатысушылар өз қызметтері барысында пайдалана алатын кең көлемді мәлімет ала алды деп есептейміз.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT