Исатай ауданының әкімі П.Хасанов 7 мамыр - Отан қорғаушылар және 9 мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай бір топ еңбек, тыл ардагерлеріне арнайы барып, мерекемен құттықтады.
Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Біздің сол бір қиын-қыстау кезеңімізді бүгінгі ұрпақ көрмесін, қазір еңбек еткен адамға барлық мүмкіндік бар. Ең бастысы тыныш, бейбіт уақыттың қадірін білуіміз керек» деген қариялар әкімге ризашылық білдіріп, қызметіне сәттілік тіледі. ⠀
«Қарты бар үйдің - қазынасы бар. Сіздер нағыз еңбек адамының үлгісі болдыңыздар. Жастарға ақылшы болып, ұзақ ғұмыр кешуді жазсын» деп ақ тілегін арнаған аудан әкімі П.Хасанов ардагерлерге мерекеге орай 30 000 теңгелік азық-түлік сертификаттарын табыстады.
Серікбол Панабердиев