Он алты ана грант ұтты

Апта ішінде жақсы жаңалықтар көбейді.

Солардың бірі – «Іскер ана» жобасы бойынша осы ауданнан оқыған 36 ананың 16-сының грант иегері атануы. Олар 7-қазан күні Атырау қаласында болып, өз мамандықтарына сәйкес іс бастауға алғашқы керек ететін кәсіптік құрал-жабдықтарын алып қайтты.

-25 тамыз бен 20 қыркүйек күндері аралығында білім алғандар арасынан ІІ-грант конкурсына 95 адам өтініш беріп, оның 85-і мақұлданды. Атырау қаласынан-36, Исатай ауданынан-16, Жылыойдан-12, Махамбеттен-9, Индер-12 ана қайтарымсыз грант ұтып алды. Олар аудандық Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Іскер ана» жобасы аясында 18 сағат көлемінде оқу курсынан өтіп, оқығандықтарын растайтын сертификаттар алған болатын. Оқу барысында топтық психологиялық тренингтен әлеуметтік желідегі сауаттылық, таргеттік жарнама, сауда ісі, бизнес бастау сабақтары бойынша тәжірибеден өтті. Басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, алдағы жылы осы жоба жалғасын табатын болады. Ал биылғы жоспар бойынша қараша айында жоба аяқталады, күткен нәтижелерімізге мүмкіндігінше қол жеткіздік,- дейді «Іскер Ана» жобасын әлеуметтік тапсырыс негізінде жүзеге асырушы «Жас Ұлан» ББЖҰ қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Марта Қанатова.

Айта кетейік, Атырау облысында көпбалалы, жалғызбасты, мүгедек бала тәрбиелеп отырған, әлеуметтік аз қамтылған аналарды оқытуға, өз ісін ашуға, кеңейтуге бағытталған «Іскер ана» жобасы Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша жүзеге асырылуда. Бүгінде іс бастауға ниетті, грант ұтқан осы ауданның тұрғындары 2 аспаз, 2 визажист, 4 массаж, 5 тігінші, 3 шаштараз ана оқыған мамандықтарына сай қызметтерін бастайды.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521