Оңайлатылған декларация бойынша салықтарды есептеу

Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (2017 жылғы25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ) Кодексіне сәйкес, шағын бизнес субьектілері үшін Оңайлатылған декларация бойынша салықтарды есептеу салық төлеуші салық салу объектiсiне есептi салықтық кезең үшін 3 пайызммөлшерiндегi мөлшерлемені қолдану арқылы дербес жүргiзедi.

Егер есепті кезеңнің қорытындылары бойынша жұмыскерлердiң орташа айлық жалақысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің бірінші күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің дара кәсіпкерлердекемінде 23 еселенген, заңды тұлғаларда кемінде 29 еселенген мөлшерін құраса, осы баптың 1-тармағына сәйкес салықтық кезең үшін есептелген салық сомасы жұмыскерлердiң орташа тiзiмдiк саны негiзге алына отырып, әрбiр жұмыскер үшiн салық сомасының 1,5 пайызы мөлшерiндегi сомаға азайтылу жағына қарай түзетiлуге жатады.

Салық төлеуші алғаш рет үш құрамдасты интеграцияланған жүйені орнатқан күнтізбелік жылдың екінші жартыжылдығы үшін оңайлатылған декларацияда есептелген жеке табыс салығының сомасы осы салық төлеушінің 60 000 теңге сомасына, бірақ осындай күнтізбелік жылдың екі жартыжылдығы үшін есептелген салық сомасының 50 пайызынан асырмай азайту жағына түзетуіне жатады.

Салық төлеуші осындай үш құрамдасты интеграцияланған жүйе орнатылған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың екінші жартыжылдығы үшін жеке табыс салығын есептеген және оңайлатылған декларацияны тапсырған кезде де осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесін қолданады.

Салық Кодексінің 683-бабында белгіленген арнаулы салық режимін қолдану талаптарына сәйкес келмеу жағдайлары туындаған кезде, салық төлеушінің жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге де арнаулы салық режимін қолдану басталған күннен бастап алынған кірісі тиісінше жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен немесе өзгеде арнаулы салық режимінде белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.

Оңайлатылған декларация салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей тапсырылады.

Оңайлатылған декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпоративтік) табыс салығы мен әлеуметтiк салық түрiнде есепті салықтық кезеңнен кейiнгi екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүргiзiледi.

Бұл ретте жеке (корпоративтік) табыс салығыоңайлатылған декларация бойынша есептелген салықсомасының 1/2 мөлшерiнде, әлеуметтiк салық «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасын шегергендегі оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде төленуге жатады.

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.

Оңайлатылған декларацияда төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің бюджетке төленуге жататын сомалары көрсетіледі.

Оңайлатылған декларацияның негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші төлем көзінен ұстапқалатын жеке табыс салығының сомаларын есептеуді, төлеуді және әлеуметтік төлемдерді аударуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізеді.

Бұл ретте төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің есептелген сомалары осы Кодекстің 688-бабында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде тапсырылатын оңайлатылған декларацияда көрсетіледі.

Айнұр НҰРМҰХАНОВА,

Исатай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер

 басқармасының салық төлеушілермен

жұмыс бөлімінің бас маманы

                                                                         

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521