«Онлайн оқыту оңай емес». Білім бөлімінің басшысы Жолдауға қатысты пікірін айтты

«Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы» деді Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев биылғы Жолдауында.

«Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді» деді ел Президенті. Исатай аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлайна Құрманғалиева Жолдауда қозғалған мәселелерге қатысты пікірін білдірді.

- Президентіміз өз Жолдауында білім беру саласына қатысты бірқатар мәселелерді қозғады. Індетке байланысты қашықтықтан білім беру біраз қиындықтар туғызғаны белгілі. Дегенмен, аудан әкімдігінің қолдауымен алғашқы оқу жылын ойдағыдай бастадық, - дейді ол. - Республика көлемінде онлайн платформа бойынша қиындықтар бар екендігі жасырын емес. Оны Президентіміз де ашып айтып, ел бойынша оқу жүйесін ортақ платформаға көшіру керектігін атап өткен болатын. Дегенмен, қазіргі уақытта мектептеріміздің көпшілігі «Bilimland.kz» оның ішінде «Онлайн мектеп» платформаларымен келісімшартқа отырды. Қиындықтарды талқылап, мониторингтер жасап отырмыз. Педогогикалық кадрлар онлайн білім беру технологияларын да пысықтап, білімдірін жетілдіру курстарынан өтіп бола келді.

Қорыта айтқанда, Исатай ауданының педагогтері Президентіміздің жаңа Жолдауын бірауыздан қолдаймыз, - дейді аудандық білім бөлімінің басшысы.

Айта кетейік, Жолдауында әлі күнге дейін нақты бір онлайн-платформаның жоқтығын өткір сынға алған Мемлекет басшысы: «Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні «WhatsApp»-тан бас көтермейтін болды. Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет» деген болатын.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521