Оқиға орнынан қашып кеткен исатайлық азаматқа қатысты іс қаралды

Исатай аудандық сотында жол жүру қағидасын бұзған бір азаматқа іс қаралды.

Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігімен азамат С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Бұл туралы аудандық соттың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды. Іс материалдарына сәйкес, азамат С. 2020 жылдың 3 шілдесінде сағат 23:38 шамасында өзінің басқаруындағы маркасы "BMW-525" көлік құралын "Атырау-Астрахан" тас жолының 664 шақырымының тұсында басқарып, жол жүрісі қағидаларын бұзып, қарама-қарсы бағытта келе жатқан Ж.-ның басқаруындағы "Лада 21713 139 33" маркалы көлік құралына соғып жол-көлік оқиғасын жасағанымен қоймай, оқиға орнынан кетіп қалған.

"Сөйтіп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 611-бабының 2-бөлімінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған. Атырау облысының Исатай аудандық сотының қаулысымен С. ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық әрекеттері үшін кінәлі деп танылып, оған көлік құралын басқару құқығынан бір жыл мерзімге айыру түріндегі жаза тағайындалды. Соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ" делінген хабарламада.

Өз тілшіміз

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521