Оқушылар білім сайысында бақ сынады

Абай атындағы орта мектепте «Білімді ұрпақ - ел тірегі» тақырыбындағы апталық болып өтті.

Апталық аясында оқушылардың жан-жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау мен есте сақтау қабілеттілігін арттыру және өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу мақсатында өткізілген 2 «В» сыныбы оқушылары арасындағы білім сайысы тақырыбы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына байланысты бір өлеңінің бір жолы таңдап алынып, «Талап қыл артық білуге» деп аталды.

a

Сайысқа түскен оқушылар тек Абайдың ғана емес, қазақтың басқа да ақын-жазушыларының өлең жолдарын табумен бірге олардың шығармашылығына үңіле білді. Әдеби жанрдан бөлек математикаға ұштасқан сайыс оқушылардың қызығушылығын арттырды. Шара соңында сайыста белсенділік танытқан барлық оқушыларға дипломдар табысталды.

Сайыстан бөлек өткен тағы бір танымдық шара - «Бесік жыры» ашық сабағында ақын Мағжан Жұмабаевтың «Бесік жыры» өлеңі оқылып, қазақ үшін бесіктің маңыздылығы шәкірттерге жан-жақты түсіндірілді.

Ақайна ӘЙІПОВА,

Абай атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521