Оқушылар да көмек қолын созды

Еріктілер жылына орай Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектепте де шара ұйымдастырылды.

Мектептің 9 «а» сынып оқушылары «Тәттілер жәрмеңкесін» ұйымдастырды. Олар осы жәрмеңкеде өздері дайындаған тәттілерін сатып, одан түскен қаржыны ауданымыздың Жанбай ауылында баспанасы өртеніп кетіп, қиын жағдайда қалған отбасыға жиналып жатқан көмекке өз үлестері ретінде табыстады.

j

Еріктілер тобы, сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында мектептің бастауыш сыныптары оқушыларына танымдық сағат та өткізді. Айсана Ерғалиқызы мен Анар Қыдырболат дайындаған танымдық сағатына, ондағы тапсырмаларға 2 «а» сыныбы шәкірттері қызығушылықпен белсене қатынасты.

Айнұр ҚУАНЫШҚЫЗЫ,

сынып жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз