Өркендіктердің өз алаңы бар

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні.

Бүгін атаулы мереке қарсаңында Өркен ауылында жаңадан бой көтерген кіші аяқдоп және балалар ойын алаңдарының лентасы қиылып, пайдалануға берілді. Нысанның ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан өркендіктерді бүгінгі мерекемен және жаңа нысандардың ашылуымен құттықтады.

- Тәуелсіздік жылдарында ауданымызға қарасты барлық ауылдық округтер қарқынды дамып, әлеуметтік маңызы бар нысандардың қатары артты. Өткен жылы ғана бұндай кіші аяқдоп алаңы Томан елді мекенінде салынып, пайдалануға берілсе, биыл дәл осындай екі нысан бой көтерді. Оның біреуі Қаратүбекте, екіншісі міне, сіздердің алдарыңызда салтанатты түрде ашылып, пайдалануға беріліп жатыр. Бұл алаң игіліктеріңізге жарап, балаларыңыздың бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен шұғылдануына септігін тигізеді деп сенемін, - деді ол.

i

i

i


1

Сондай-ақ ауыл тұрғыны Нәсіп Сиықова өркендіктердің атынан игі бастамаға ұйытқы болған аудан әкімдігіне ризашылығын білдірді. Жаңа нысан алаңдарының лентасын қиюға Аққыстау ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожантай Сыдихов және ауыл ардагері Ишанғали Қабдрахманов қатысты. Шарада «Жалын» мәдениет үйінің өнерпазы Айдана Бахытова әсем әнін әуелетті.

i

i

Айта кетейік, бүгін пайдалануға берілген кіші аяқдоп алаңда «Өркен» және «Қаратүбек»  командаларының жолдастық кездесуі басталып кетті.

Әділбек СЫРЫМОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521