«Орныңызды жинап жүріңіз». Бөлім басшысы тазалық жайлы айтты

#birge#Taza Qazagstan экологиялық акциясын қолға алынды.

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен республика көлемінде ұйымдастырылған шара барлық өңірде бір мезгілде 26 шілде күні басталды. Ластанып кеткен экологиялық ахуалға назар аударып, өзен-көлдер жағалауларын жинау, қоқыстар мен қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту шарасы өткен сенбіде біздің ауданда да кең көлемде ұйымдастырылды. Шараға мекемелер мен кәсіпорындар қызметкерлері, «Жасыл ел» сарбаздары өз үлестерін қосты.

tazaqaz

Жалпы шараға 540 адам қатысып, 8 арнайы техника шығарылды. 16 шақырым болатын аумақтан 47 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

- Алдағы уақытта аталмыш акцияны дәстүрге айналдыру жоспарымызда бар. Сондықтан, аудан тұрғындарын алда өткізілетін сенбіліктерге белсене қатысуға шақырамыз. Тағы бір айта кетерлік мәселе, каналдар мен өзектер бойына демалысқа, серуенге шыққан кезде отырған орындарды шашпай, өздерінен кейін тұрмыстық қалдықтарды жинап, реті келсе көміп кетулерін сұраймыз, - дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айдарбек Зинуллин.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521