Өртсөндірушілер бүлдіршіндермен кездесті

«Балабақшалардағы немесе жазғы демалыс орындарындағы өрт қауіпсіздігі».

Осындай атаумен аудан орталығындағы «Қарлығаш» балабақшасында №6 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен орта топ бүлдіршіндері мен тәрбиешілер қатысқан ашық есік күні өткізілді. Жиын барысында бүлдіршіндерге және тәрбиешілерге арнайы әзірленген слайд бойынша ғимараттарда өрт оқиғасының орын алуының басты себептері мен өрт кезіндегі және де оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейінгі жасалуы тиіс іс-әрекеттер туралы толығырақ мәлімет берілді. Бұдан басқа, жиынға қатысушылардың назарына өрт сөндірушілердің жауынгерлік киім-кешектері, өрт сөндіру құрал-жабдықтары, сондай-ақ, алғашқы жану кезеңдеріндегі сөндіргішті қалай қолдану керектігі көрсетілді.

ortsond2

Жиынға қатысушылар болса, өрт қауіпсіздігі саласының мамандарына өздерін қызықтыратын сауалдарын жолдады. Шара соңында бүлдіршіндерге «Өрт қауіпсіздігін сақтаңыздар» деген жазбасы бар сыйлықтар табысталып, естелік суретке түсу ұйымдастырылды.

Нұрберген НАСИХАТ,

№6 ӨСБ қарауыл бастығы, азаматтық қорғау аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз