Атырау қаласында жалпы білім беретін мектепдердің дене тәрбиесі пәні мұғалімдері арасында "Үздік дене тәрбиесі мұғалімі - 2020" облыстық онлайн байқауы өтті.
8 дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі қатысқан байқау қорытындысы бойынша 1-орынды жерлесіміз Исатай ауданы, Х.Наубетов атындағы орта мектептің мұғалімі Орынгүл Санатова жеңіп алып, ауданымыздың мерейін өсірді. Сондай-ақ байқауда Орынгүлдің "Қазақтың "Бес асық" ұлттық ойыны" тақырыбындағы авторлық бағдарламасының тұсауы кесілді.
Айта кетейік, сайыстың 2-орнын Индер ауданы, Қ.Абаханов атындағы орта мектептің мұғалімі Ақерке Фазылова еншілесе, 3-орын Құрманғазы ауданы, Абай атындағы орта мектеп мұғалімі Рахымғалиева Данагүл иеленді. Жекелеген номинациялар бойынша да марапаттар тапсырылды.
Байқаудың жеңімпаз-жүлдегерлері Атырау облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақтың бағалы сыйлықтарымен және Атырау облыстық білім басқармасы Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының медальдарымен және дипломдарымен марапатталды.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ