Қос исатайлық ауданның Құрметті азаматы атанды

Исатай ауданының Құрметті азаматтарының қатары тағы екі адамға толықты. 

Тұщықұдық ауылындағы мәдениет үйіне Нариман Үлкенбайұлының есімін беруге арналған ауқымды шарада ауданның қос азаматы абыройлы атаққа ие болды.

Шарада аудан әкімі Марат Мурзиев Исатай аудандық мәслихаты сессиясының шешіміне сәйкес ардагер-мұнайшы, қаламгер, өлкетанушы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Мұрат Бектенов пен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Сайпеден Сидеғалиевқа «Исатай ауданының Құрметті азаматы» атағының төсбелгісін тағып, куәлігін тапсырды.

Салтанатты шарада сондай-ақ ауданның мәдениеті мен өнерін дамытуға белсенді үлес қосқаны үшін ҚР еңбек сіңірген әртісі, күйші-домбырашы Айгүл Үлкенбаева мен аудандағы шараларға, соның ішінде Нариман Үлкенбайұлы атындағы мәдениет үйінің сәулеттік келбетін қайта жаңғыртуға демеушілік жасаған ауданның Құрметті азаматы, меценат Мейрам Ахметжанов ауданның Құрмет грамотасымен марапатталды.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT