Қос медиаторды қабылдады

Алғыс айту күні қарсаңындағы игілікті шаралардың бірі ретінде аудандық сотта өткен жылы жүзді жүздесуді айтсақ болар еді.

Айрықша мәнге ие атаулы күн алдында кәсіби емес медиаторлар, еңбек ардагерлері Аяпберген Мұханбетов пен Гүлбану Қабылованы қабылдауды ұйымдастыруға өзі бастамашы болған аудандық сот төрағасы қонақтарды ұжым болып ыстық ықылапен қарсылады.

Шараны ашқан аудандық сот төрағасы Алтыншаш Мағзомова алдымен Алғыс айту күнінің ерекшелігіне тоқталды. Осы ретте ол аудандық соттағы даулы мәселелерді оң шешуге кәсіпқой емес медиатор ретінде белсене қатысып, өзіндік үлестерін қосып жүрген қонақтарға шынайы алғыс сезімін білдіріп, Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтарын ұсынды, игі тілегін арнады. Сот ұжымының ыстық ықыласындай көрінген сыйды судьялар Есбол Абдраманов пен Жазира Мұханбетова табыстады.

Сөз алған кәсіби емес медиаторлар да мерекеге орайғы ойларын ортаға салып, ұжымға жемісті еңбек тілесті, мазмұнды қабылдау үшін риясыз көңілдерін білдірді.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз