Отандық өндіріс - азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі

 

Президенттің Жолдауында айтылғандай, елдегі азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін барынша азайту – Үкіметтің стратегиялық міндеті. 

Әрине, өзімізді барлық өніммен жүз пайыз қамтамасыз ету мүмкін болмауы мүмкін, әрі бұған қажеттілік те шамалы. Дегенмен, қазіргі нарықтағы ахуал өте күрделі, оны ашық айтуымыз керек. Кейбір негізгі өнім түрлері бойынша шетелге тәуелділік әлі де сақталып отыр.

Бұл жағдай халықтың әлеуметтік тұрақтылығына, азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Сондықтан Үкімет отандық өндірісті дамытуға, ауыл шаруашылығындағы тиімді жобаларды қолдауға және өңдеуші өнеркәсіпті ілгерілетуге басымдық беруге тиіс.

Азық-түлік тауарларының негізгі түрлері бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейін арттыру – еліміздің ұлттық мүддесі әрі экономикалық қауіпсіздігінің басты кепілі.

 

Айгүл АДИЛОВА,

Зинеден ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT