Отандық өндіріс - тұрақты экономика кепілі

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында ерекше атап өтілген маңызды мәселелердің бірі – азық-түлік нарығының шетелге тәуелділігін азайту. Бұл – тек ауыл шаруашылығы немесе сауда саласына қатысты ғана емес, елдің экономикалық тәуелсіздігі мен ұлттық қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін стратегиялық міндет.

Қазіргі таңда еліміз кейбір негізгі өнім түрлері бойынша импортқа айтарлықтай тәуелді. Бұл жағдай, әсіресе, әлемдегі геосаяси тұрақсыздық пен логистикалық қиындықтар кезінде өз зардабын тигізіп жатыр. Азық-түлік бағасының өсуі, тапшылық қаупі, инфляцияның күшеюі – барлығы осы тәуелділіктің салдары.

Президент бұл мәселені шешу үшін Үкіметке нақты тапсырмалар берді. Ең бастысы – отандық ауыл шаруашылығын дамыту, фермерлерді қолдау, ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды жақсарту және жаңа технологияларды енгізу. Сонымен қатар, өндірілген өнімді ішкі нарыққа тиімді жеткізуді қамтамасыз ету үшін өңдеу саласын және логистиканы күшейту қажет.

Азық-түлік қауіпсіздігі – бұл тек экономикалық категория емес, бұл халықтың өмір сүру сапасына, денсаулығына, болашақ ұрпақтың амандығына әсер ететін маңызды мәселе. Сондықтан мемлекет бұл бағытта жүйелі саясат жүргізіп, отандық өндірісті қолдауға басымдық беруі – ел мүддесін қорғауға жасалған батыл әрі қажетті қадам.

 

Дидар ЖЕТКІН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT