Отбасы күнінде «Мерейлі отбасы-2023» ұлттық байқауының қатысушылары марапатталды

Қыркүйек айының екінші жексенбісі-отбасы күні. Отбасы күнін атап өту-отбасы құндылықтарды ілгерілетуге және отбасының оң имиджін дамытуға, мәртебесін арттырып,ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін жоғарылатуға  ықпал ететін ерекше тәрбиелі мереке болып табылады. Осыған орай «Жалын» мәдениет үйінде «Отбасы-тәрбие мектебі» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Аталмыш шара «Мықты ұлт отбасында қалыптасады» мазмұны аясында өтті. Табысқа жетіп, кәсіби шеберлігін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп жүрген, еңбек әлеуетін кеңінен насихаттап жүрген, аудандық «Мерейлі отбасы-2023» ұлттық байқауына қатысқан барлық отбасылар қатысты.
Салтанатты шараның шымылдығын аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрайымы Нұрғайша Абежан ашып, отбасыларға ақжарма тілегін арнады.
–    Қайырлы күн құрметті аудан тұрғындары және кеш қонақтары! Баршаңызды отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Отан отбасыдан басталады дегендей отбасы тәрбие ордасы саналады. Сондықтан өнегесі мол отбасы болу перзент үшін ғана емес, ел үшін де ерекше рөл атқарады.  «Мерейлі отбасы»ұлттық байқауының да елдің жарқын болашағының кепілі.  Он жыл уақытты артқа тастаған ұлттық байқауға  биылға дейін аудан бойынша 64 жанұя қатысып, отбасы имиджін көрсетті.  Биылғы байқауға аудан бойынша барлық ауылдық округтерден 12 жанұя қатысқан болса, соның ішінде екі отбасы отбасылық байқауда бақ сынады. Жарқын жанұяның келбеті атанған, бақытты да мерейлі отбасы сіздерсіздер. Жанұяларыңызға шаттық пен қуаныш, мызғыбас татулық тілеймін,-деген олаудан әкімі Полымбет Хасановтың Алғыс хатын  отбасыларға табыстады. Атап айтсақ, Аралбай Тәниев отбасы, Диар Молдағазиев отбасы, Ғабит Исақұлов және Жантемір Тастанов отбасы,Қыдырғали Қаспихов отбасы, Ғабит Сәдіржанұлы отбасы Орынбасар Мақатов отбасы, Махамбет Шартиков отбасы,Аманжол Бермағамбетов, Мәди Тахаев отбасылары аудандық «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысқандары үшін марапатталды.

Облыстық кезеңге жолдама алып, Алғыс хат иеленген Аманжол Бермағамбетов жанұясы да отбасы құндылығын насихаттап, ұрпақтар сабақтастығынның ұйытқысына айналған. 
–    «Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген сөзге отбасындағы тәрбие тұтас сыйып кетеді. Отбасы күні арнайы аталып өтуі және «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының ұйымдастырылуында да үлкен мән бар. Бізде де өз жанұямызбен қатысып, облыстық кезеңге де қатысып келген болатынбыз. Мен өзім де, отағасы да көпбалалы отбасынан шыққан. Ата-ананың тәрбиесін көрген, бауырдың ізгі мейіріміне бөлеген біздер ұрпағымызға да сол өнегені жалғауды мақсат еттік. Шүкір,  бізде алты ұл, бір қыз тәрбиелеп отырмыз. Алты ұлтың бесеуі үйленіп енді бір ұлымыз аяқтанбаса, ал қызымыз өз ұясына қонған болатын. Яғни 25-ке жуық немере-жиендерімі бар. Қызымыз күміс алқалы ана болса,келіндеріміздің ішінде де алтын алқа мен  күміс алқа иеленген келіндеріміз бар. Бала біздің болашағымыз, олардың татулықта бақытты ғұмыр кешуі үшін еліміз аман жұртымыз тыныш болғанын тілейміз. Барша жанұя отбасы құндылығының мәнін терең түсніп,бірлікте бір шаңырақтың астында тату ғұмыр кешкеінін шын жүректен тілейміз,-дейді Аманжол Бермағамбетовтар жанұясының отанасы Рита Мұхитқызы.
Салтанатты шараның жалғасы аудан өнерпаздарының сазды сәлеміне ұласты. Жанұя татулығын насихаттайтын «Әке-ана», «Жанұям» әндері орындалса, күмбірлеген күй мен көздің жауын алар би жиналған жұртқа мерекелік көңіл-күй тарту етті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521