Отбасыларға берілер жәрдемақы - бүлдіршіндерге де қамқорлық белгісі

Шындығында да, балалы отбасыларға беріліп келе жатқан түрлі жәрдемақылар мемлекет тарапынан балаларға жасалынып келе жатқан қамқорлықтың бірі парасы десек болғандай.

Бір сүйінішті жайт - сол жәрдемақылар көлемінің уақыт талабына орай арттырыла түсуі де айтарлықтай дәрежеде болып отырғандығы.

«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар»  туралы 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 Заңның,  2019 жылғы 26 желтоқсандығы № 287-VI өзгерістері бойынша  туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасылардың:

Бала тууына байланысты төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;

Бала бір жасқа толық толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін ай сайынғы жәрдемақы;

Бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін  (бірақ 23 жастан аспайтын) орта, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға төленетін ай-сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

Мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны алуға құқығы бар.

Бала туғанда төленетін біржолғы жәрдемақы алғаш төлене бастаған 2005 жылы 14565 теңге болса,  төменгі айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өзгеруіне байланысты бұл жыл сайын өсіп отырды. Соның нәтижесінде, мәселен, 2021 жылы бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда 110846 теңге (38 еселенген АЕК), ал төртінші және одан жоғары бала туылғанда 183771 теңге (63 еселенген АЕК) төленіп келсе, 2022 жылдың бірінші қаңтарынан бұл көрсеткіш, тиісінше, бірінші, екінші, үшінші бала туылғанда 116394 теңге, төртінші және одан жоғары бала туылса 192969 теңгені құрап отыр.

Бала бір жасқа толғанынша мемлекеттік бюджет есебінен төленетін ай сайынғы жәрдемақы 2021 жылы бірінші балаға 16802 теңге төленсе, биыл ол 17643 теңгеге өсті, екінші балаға төленіп келген 19865 теңге орнына, тиісінше, 20860 теңге, үшінші бала үшін 22899 теңгенің орнына биыл 24045 теңге төленсе, төртінші және одан жоғары бала үшін 2021 жылы  25962 теңге төленіп, биылғы жыл басынан бастап бұл көрсеткіш 27261 теңгені құрап отыр.

Көпбалалы отбасыларға 2021 жылы төленген жәрдемақы мөлшері мен 2022 жылға өсірілген төлем мөлшері төмендегі таблицада беріліп отыр. Бұл аталған жәрдемақы 2020 жылға дейін бала саны обасында 4 және одан жоғары болса да бір ғана 10504 теңге төленген болатын, 2020 жылғы бірінші қаңтардан бастап, бала санына қарай төленетін болды.

4 баласы бар отбасыларға  – 46760  теңгеден 49100 теңгеге, (16,03 АЕК 3063),

5 балаға – 58457 теңгеден, 61383 теңгеге  (20,04 АЕК),

6 балаға – 70154 теңгеден, 73666 теңге  (24,05 АЕК), 

7 балаға -  81852 теңгеден, 85948 теңге  (28,06 АЕК), 

8 балаға  – 93344 теңгеден, 98016 теңге  (32,0 АЕК ), 

9 балаға – 105012 теңгеден, 110268 теңге  (36,0 АЕК), 

10 балаға - 116680 теңгеден, 122520 теңге (40,0 АЕК), 

11 балаға - 128348 теңгеден, 134772 теңге  (44,0 АЕК),

12 балаға - 140016 теңгеден, 147024 теңге  (48,0 АЕК),

13 балаға - 151684 теңгеден, 159276 теңге  (52,0 АЕК),

14 балаға  - 163352 теңгеден, 171528 теңге  (56,0 АЕК),

15 балаға -   175020 теңгеден, 183780 теңге  (60,0 АЕК).  Бала саны артқан сайын коэффициентте 4,01 өсіп отыр, шекті 30 баласы бар отбасына 120 айлық есептік көрсеткіш – 367560 теңге тағайындалады.            

Мүгедек баланы (балаларды) тәрбиелеп  отырған отбасыға төленетін жәрдемақы 2021 жылы 48023 теңге көлемінде төленсе, 2022 жылдың бірінші қаңтарынан бастап ол 50426 теңге болды.

Гүлбана МОЛДАШЕВА,

 «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облыстық

филиалының әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Исатай аудандық бөлім басшысы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521