Қамысқала ауылдық округіндегі Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектеп ғимаратында орналасқан №128 сайлау учаскесінде дауыс беру қарқынды жүруде. Түстен кейінгі уақытта да ауыл тұрғындары саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасап жатыр.
Солардың қатарында облыстық жедел жәрдем стансасы Исатай аудандық бөлімшесінің фельдшері Тұрарбек Жақсымбетов пен математика пәнінің мұғалімі Айгерім Әміржанова бар. Ерлі-зайыптылар бұл науқанды ел болашағы үшін маңызды оқиға деп санайды.
– Әр азаматтың дауысы – ел дамуына қосылған үлес. Сондықтан сайлауға отбасымызбен бірге қатысуды дәстүрге айналдырдық, – дейді Тұрарбек Жақсымбетов.
Белсенді жұптың айтуынша, мұндай сәттерде әркімнің таңдауы – өз елінің ертеңіне деген жауапкершілігін көрсетеді.


