Өз ісіне адал жан

Задында қазақ халқында бір-біріне көмектесу немесе қайырымдылық жасап, қолұшын созу – бұрыннан жалғасып келе жатқан қасиет.

Сондай жақсы қасиеттерімен бүкіл Жанбай ауылына қадірлі азаматшамыз, 1978  жылдан  бері  фельдшерлік пункте акушерлік қызмет атқарып келе жатқан Балғаным Кариматқызының елге жасаған еңбегі туралы айтқым келеді. Ол қырық бес жылға  жуық уақыт  осы  салада үздіксіз еңбек етіп келе жатқан дәрігердің бірі. Әсіресе ол, жүкті аналар мен сəбилердің өмірін сақтап қалу үшін алдынан табиғаттың қандай қолайсыз күндері кездессе де, күндіз-түні тыным таппай еңбек етіп келеді. Ауылда ауырып-сырқаған əрбір жанға қолынан келген көмекті еш аяған емес. Оған кез келген уақытта сақадай сай дайын тұрады. Қазіргі кезде зейнет жасына  жетсе де,  ауылымызда  осы саланың маманы жетіспеуіне байланысты әлі де болса, мамандығына адалдық танытып келеді. Әрине,  адам  жанының  арашашысы  болу- кім-кімге де оңай шаруа емес екені анық.

Бір күні мен аяқ астынан қатты ауырып қалдым. Сол кезде дəрігердің көмегінсіз қалаға жете алмай қалуым да мүмкін еді. Алладан медет сұрап, үнсіз қимылдай алмай жатқаныммен, сол кісілердің қасымда қалай шапқылап жүргендерін көріп жаттым. Ауылдық амбулаторияның медбикесі Назерке  Қабдолқызы мен Балғаным апайым екеуі қаладағы облыстық  ауруханаға жеткенше, маған қолдан келгеннің бəрін жасады. Ауылдың «алтын адамына» айналған апайым осыған дейін ауырып-сырқағандардың көбіне көмегі тиіп, талай сəбидің кіндігін кескен еді. Сол үшін ауданымыздың  айнасы – «Нарын таңы» газеті және газеттің әлеуметтік желіде парақшасы арқылы  отбасымның атынан  Балғаным  апайдың  отбасына  амандық, деніне  саулық, еңбегіне табыс тілей отырып, алғыс білдіргім келді.  

Үстіне  киген  ақ  халаты сияқты, ол кісінің жүрегі де дəл сондай аппақ жан. Шыбын жанымыздың арашашысы – әуелі Алла, одан кейін дәрігерлер. 

Биғайша ҚҰСАЙЫНҚЫЗЫ, 

көпбалалы ана,

Жанбай ауылы

         

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521