«Өзің арақ ішесің, балаңа не дейсің?» Исатайлық ардагер бала тәрбиесі жайлы айтты

Аудандық «Жалын» мәдениет үйінде «Тау тұлға – әке, ізбасар – ұл» тақырыбында аудандық әкелер слеті өтті.

 aceoner

«Ұл әкеден үйренбей, сапар шекпес...» атты шеберлік сынып көрмесімен танысудан басталған шараның алғашқы сөзін аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан алды. Шараның мәні мен мақсатына тоқталған аудан әкімінің орынбасары бір топ тәлімді әкелерге "Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы" Атырау облыстық ұйымы Исатай аудандық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан ескерткіш сыйлықтар табыстады.

kadirovb

Аудан мектептерінде 2016 жылдан бері «Әкелер мектебі» жұмыс жасап келеді. Сол мектептердегі айқын нәтижелер, көкейтесті мәселелер мен оларды шешу жолдары жайында аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Бауыржан Қадиров баяндама жасады. Одан соң сөз алған ауданның Құрметті азаматы Жұмажан Қадимов қоғамдағы әкелердің орны мен олардың бала тәрбиесіндегі рөліне тоқталды. – Өзің шылым шегіп тұрып, «темекі тартпа» десең, күнде ішкілік ішіп жүріп, араққа жақындама деп ұрыссаң, «Мені сұрағандарға «жоқ» деп айт» деп алып, ешқашан өтірік айтпауды талап етсең, «Өсек айтпа» деп отырып, көршіңді жамандасаң, ол қандай тәрбие болмақ? Қысқасы, әке қандай болса, бала да сондай болады, - деген ардагер баланы қазақылыққа, ұлтжандылық пен отансүйгіштікке тәрбиелеу қажеттігін өсиет қылды.

akebala13

Одан әрі шара сазды бағдарламамен жалғасты. Көңілді кеш отшашуға ұласты.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521