Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында мәдениет пен өнерді жасанды интеллект дәуірінің талаптарына бейімдеу қажеттігі жөнінде айтқан ойлары өте өзекті. Бүгінгі күні жаңа технологиялар барлық салаға еніп жатқан шақта, мәдениет саласының да заман ағымынан қалыспай, озық тәжірибелерді қабылдауы – уақыт талабы.
Президентіміз атап өткендей, өнер адамдары еліміздің мәдениетін, салт-дәстүрін шетелге таныстырып, халықтың рухани қазынасын әлемге паш етіп жүр. Бұл – зор құрметке лайық еңбек. Мемлекет тарапынан мәдениет қайраткерлеріне қолдау көрсетілуі олардың шығармашылық әлеуетін арттырып қана қоймай, ұлттық құндылықтарымызды жаңаша қырынан дәріптеуге мүмкіндік береді деп сенемін.
Исатай ауданында да мәдениет пен өнерді дамытуға, жастардың шығармашылығын қолдауға ерекше көңіл бөлініп келеді. Біз де осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра отырып, ауданымыздың рухани өмірін байытуға үлес қоса береміз.
Президентіміздің бастамаларын толық қолдай отырып, мәдениет қайраткерлерінің жаңа заман талабына сай жұмыс істеуі еліміздің рухани жаңғыруына серпін беретініне сенімдімін.
Жеңісбек Қабиев
Исатай газ шаруашылығы директоры, мәслихат депутаты