П.Хасанов: «Тұңғыш Президентіміз еліміздің кемел келешекке қадам басуының темірқазығы бола білді».

Исатай ауданында «Елі сыйлаған Елбасы» тақырыбында аудандық «Жалын» мәдениет үйінде Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты жиын өтті. 

Жиында сөз алған аудан әкімі Полымбет Хасанов мерекемен құттықтап, ауданның Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері Елбасының сарабдал саясатының жемісі екенін атап өтті.

i

- Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, егемендігіміздің еңселі ету жолында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қосқан үлесі өлшеусіз. Мемлекетіміздің көшбасшысы бола білген Тұңғыш Президентіміз, еліміздің кемел келешекке қадам басуының темірқазығы бола білді. Елбасы халықтың бірлігін, Атазаңымызды, азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етіп, әлем елдері алдында беделімізді биіктетіп, абыройымызды асқақтатты. Тәуелсіздік жылдары ішінде жаңа Елордамыз бой көтеріп, әлемнің алпауыт мемлекеттері бас қосатын ортақ мекенге айналдық. Ұлт Көшбасшысының сарабдал саясатының нәтижесінде Қазақстан серпінді даму жолына түсіп, саяси-экономикалық және әлеуметтік салалар қарқынды жаңғыру үстінде.

Бұл мерекенің маңыздылығы мен мәртебесі жоғары. Ел іргесі берік, келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болсын, - деген аудан басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып, елеулі еңбек атқарып жүрген бір топ мамандарды облыс әкімінің және өзінің алғыс хатымен марапаттап, алдағы жұмыстарына толағай табыстар тіледі.

i

i

i

Атап айтқанда, облыс әкімінің алғыс хатымен аудан әкімінің кеңесшісі Ринат Есқали, аудандық полиция бөлімінің аға криминалист маманы, полиция майоры Берікболат Сапаров, «Атырау Жарық» АҚ, Исатай аудандық электр жүйесі «Тайман-94» қосалқы стансасының кезекші электромонтері Ғибрат Досқалиев, аудан әкімінің алғыс хатымен Аққыстау стансасының пойыз құрастырушысы Құттыбай Пауеденов, аудандық сот тазалықшысы Райгүл Мұғашева, аудандық орталық аурухананың медбикесі Нұрсауле Нығметова, И.Тайманұлы атындағы музейдің қор сақтаушысы Гүлнәз Қабдрахманова, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің жартылай күндізгі станционарлық үлгідегі ұйымның күндіз болу бөлімшесінің дефектологы Малика Мұхтарова, аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Байтұрсын Сегізбаевтар марапатталды.

i

Жиында одан әрі құттықтау сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Мұханбеталиев жиналғандарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, ізгі тілектерін арнап, еңбекте ерекше көзге түскен бір топ маманға алғыс хаттарын табыстады.

i

i

Аудандық мәслихат хатшысының алғыс хатын аудан әкімі аппаратының қаржы шаруашылық бөлімінің бас маманы Ардақ Науанова, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ-ның облыстық филиалы халыққа қызмет көрсету бойынша Исатай аудандық бөлімінің маманы Гүлнәз Кисамиева, Исатай ауданы №6 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Нұрхат Дәулетов, Нарын ауылдық округі әкімі аппаратының хатшысы Перизат Сахипова және Зинеден ауылдық клубының есепшісі Арайлы Түсібалиеваларға табысталды.

i

i

Мерекеге арналған салтанатты жиынның соңы «Жалын» мәдениет үйі өнерпаздары ұсынған концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, рухты әндер әуеледі.

Әділбек СЫРЫМОВ

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521