Парасаттылық - адами құндылықтар жиынтығы

Еліміз өз тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап,  ұлттық қауіпсіздік пен мемлекет  дамуына нұқсан келтіретін қауіптердің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізіліп келеді.

Бүгінде осы қауіпті де келеңсіз құбылыспен күрестің алдыңғы шебіне бүкіл қоғамның күш-жігерін біріктіру арқылы азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған  жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл жерде үлкен үміт жас ұрпаққа жүктеледі. Нақ осы жастар сыбайлас жемқорлықтан азат қоғам құруға және мемлекетіміздің өркендеуін қамтамасыз етуге қабілетті аға ұрпақтың мұрагерлері болуы тиіс.

Жас қазақстандықтарға кәсіби өсу мен өз күш-жігерін ашуға үлкен мүмкіндіктер бар. Алайда, қазіргі заманғы жастардың бойында бірінші кезекте, берік адамгершілік негіздері, азаматтық ұстанымы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың орнықты дағдылары болуы тиіс. Бұл қасиеттер болмаса, бәсекеге қабілетті және дамыған мемлекет құру оңай болмайды.

Халқымызда «Тәрбие – тал бесіктен» деген есті сөз бар. Баланы тәрбиелеу шынымен бесікте жатқан күнінен басталады. Ол дүниеге келген сәттен бастап, қоғамның бір бөлігіне айналады. Оның дүниетанымы мен мінез-құлқы отбасында, балабақшада, мектепте және жоғары білім беру ұйымдарында қаншалықты дұрыс тәрбие мен білім берілетініне байланысты қалыптасады. Сондықтан қазірдің өзінде өскелең ұрпақтың бойында парасаттылық идеологиясын ілгерілетуге негізделген сыбайлас жемқорлықты мүлдем қабылдамау мәдениетін қалыптастыру өте маңызды.

Парасаттылық – қоғамдағы саяси, сондай-ақ әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықтың негізі. Ол адалдық, сатылмаушылық, заңға құрмет, патриотизм сияқты құндылықтарды біріктіреді. Парасатты қоғамда азаматтар ережелерді өздері үшін емес, ортақ игілік үшін ұстанады, жеке емес, қоғамдық мүдделерге басымдық береді.

Жас ұрпақтың бойында құндылықтың дұрыс бағыттары мен бағдарларын қалыптастыруға өз балалары мен жақындарының жарқын болашағы үшін азаматтарды парасатты өмір салтына шақыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы әлеуметтік бейнероликтер де көмектеседі.

Қазіргі өскелең ұрпақ – бұл біздің болашақ заңгерлер, дәрігер, мұғалім, құрылысшы, әскери қызметшілеріміз және олардың өз саласында қаншалықты сауатты маман болатындығы, көбінесе, үлгі болуға тиіс аға ұрпаққа байланысты.

Сондықтан, әділеттілік, парасаттылық және сенім еліміздің әрбір жас азаматы үшін басты құндылықтар болуы тиіс.

                                                                                                                   Рашид МҰҚАНОВ, 

Исатай ауданы әкімі аппаратының басшысы,

аудан бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521