Парламент депутаты мұнайшылармен кездесті

Бүгін ауданға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, “Amanat” партиясы фракциясының мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов арнайы іссапармен келіп, жергілікті мұнайшылармен кездесу өткізді.

Кездесуге аудан әкімі Нұрым Мусин, “Ембімұнайгаз” АҚ басқарма төрағасы Ринат Ізмұханбетов, “Amanat” партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов қатысты.

Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов жиында сөз алып, жиналғандарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, Парламенттің атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады. Ол заңнамалық бастамалар мен қабылданып жатқан шешімдерге тоқталып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға бағытталған шаралар жөнінде түсіндірді.

Кездесу барысында аудан тұрғындары өздерін толғандыратын бірқатар маңызды мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, жол сапасы, салық кодексіндегі өзгерістер, өндіріліп жатқан газдың бағасы мен мұнайдың құны, сондай-ақ аудандағы жобалар мен әлеуметтік нысандардың құрылысы туралы сауалдар қойылды.

Тұрғындар көтерген мәселелердің арасында жергілікті инфрақұрылымды дамыту, мұнай өндірісі саласындағы әділ баға саясаты және әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылу барысы ерекше назар аудартты. Кездесуде мұнайшылар өз ұсыныстарын білдіріп, кейбір мәселелер бойынша наразылықтарын да жеткізді.

Дүйсенбай Тұрғанов өз сөзінде көтерілген сұрақтардың назардан тыс қалмайтынын айтып, тиісті деңгейде қаралып, шешімін табуы үшін Парламент қабырғасында көтерілетінін жеткізді. Жиын соңында қатысушылар елдің дамуы жолындағы ортақ мүдделерді қолдайтынын білдіріп, халық пен билік арасындағы осындай ашық кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

 

Жұлдыз СЕМБИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT