Партия активінің кезекті отырысы өтті

Бүгін аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Исатай аудандық филиалының төрағасы Полымбет Хасановтың төрағалығымен партия активінің отырысы өтті.

Оған аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Әліби Хайдаров, филиалдың Саяси кеңесінің және Саяси кеңестің Бюро мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен «Jas Otan» жастар қанатының белсенді мүшелері қатысты. Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXII съезінің шешімдері талқыланды.

Жиында алғашқы болып күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасаған Әліби Хайдаров партияны модернизациялау бағдарламасы жөнінде айтып өтті. Оның айтуынша, бағдарлама жеті басым бағытты қамтиды. Олар - партияның қатарында ынтымақтастықты нығайту, мемлекеттік аппараттың функцияларын қайталамай, идеологиялық және кадрлық жұмысқа баса назар аудару, Мәжіліс пен мәслихаттардағы партия фракциясын қайта жандандыру, аймақтарда өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге партиялықтардың қатысуын күшейту, қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қызметін белсенді ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, жастарды әлеуметтік-экономикалық бейімдеуге ерекше назар аудару.

i

- Депутаттар атқарушы билікпен тығыз қарым-қатынаста болуы, көшпелі отырыстарды, азаматтармен кездесуді кеңінен өткізуі қажет. Бұл бағыттағы ерекше міндеттерді партиялық мәжілістегі және мәслихаттардағы фракцияларға жүктеп отыр. Партияның жастар қанатының жұмысын толықтай қайта жаңартудың маңыздылығы айтылды. Жастарға арналған бірқатар жобалар іске қосылады, - деді ол.

i

Сондай-ақ жиында партия филиалының Саяси кеңес мүшесі Мәди Өтеғалиев, «Jas Otan» жастар қанаты аудандық бөлімшесінің жетекшісі Азамат Балмурзин де съезде қаралған мәселелер төңірегінде өз ойларын ортаға салды.

Жиынды қорытындылаған Полымбет Хасанов партиямен бірге екендігін атап өтіп, жиналғандарды Мемлекет басшысының барлық шешімдерін қолдап, жүктелген міндеттерді бірлесе атқаруға шақырды.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521