Партия барлық реформаларға ұйытқы болуы тиіс

1 наурыз - партияның құрылған күні.

Сондықтан партияның кезектен тыс ХХІІ съезінің де осы күні өтуінің символдық мәні бар.

Осыдан 23 жыл бұрын еліміздегі ең басты саяси ұйымның негізі қаланды.

Президент «Жаңа Қазақстанды» құру жөніндегі ауқымды міндетті орындауға кіріскенін мәлімдеді. «Алдымызда мемлекетіміздің болашақ тағдырын шешетін аса маңызды жұмыс тұр. Оны жүзеге асыру үшін жаңа міндеттерімізді айқындап алуымыз қажет. Партия барлық реформаға ұйытқы болуы тиіс. Ол үшін өзгерісті алдымен өзімізден бастауымыз керек. Сондықтан бүгінгі күн тәртібіндегі негізгі мәселе – партияны жаңғырту. Заман, қоғам, адам өзгеріп жатқанда, партияның өзгеруі – заңңдылық. Бұл – уақыт талабы, - деп айтты.

Адалдық пен әділдік, нәтижелі жұмыс пен жауапкершілік, жеделдік пен ашықтық – қазіргі таңда қоғамның партияға және оның әрбір мүшесіне қойып отырған басты талабы. Осыған орай партияны модернизациялау бағдарламасы дайындалды. Бағдарлама жеті басым бағыттан тұрады:

1. Партияның қатарында ынтымақтастықты нығайту

2. Мемлекеттік аппараттың функцияларын қайталамай, идеологиялық және кадрлық жұмысқа баса назар аудару

3. Мәжіліс пен мәслихаттардағы партия фракциясын қайта жандандыру

4. Аймақтарда өзекті әлеуметтік – экономикалық проблемаларды шешуге партиялықтардың қатысуын күшейту.

5. Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қызметін белсенді ету

6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

7. Жастарды әлеуметтік – экономикалық бейімдеуге ерекше назар аудару.

Біріншіден, халықпен кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру қажет деп санаймыз. Ең әуелі партияның жанындағы қоғамдық кеңестердің құрлымын қайта жасақтау. Санның емес, сапалық көрсеткішке көшу.

Аудандарда 5 қоғамдық кеңес болады. Бұрын 8 қоғамдық кеңес болған.

Кеңестер отырысын барынша ашық, онлайн өткізуге. Осылайша, билік партия мен азаматтық қоғам арасында жан-жақты диалогтың мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық қабылдау форматтарын өзгерту, яғни, шалғай елді мекендерге тұрақты бару практикаға енгізілді.

Бұл жұмысқа партиялық актив:

– Парламент және мәслихат депутаттары, саяси кеңес мүшелері, филиалдардың басшылары тартылады.

БПҰ – партияның негізі. БПҰ төрағаларының белсенділігін, ұтқырлығын және жауапкершілігін арттыру үшін оларды бағалауды және рейтингін енгізу ұсынылып отыр.

БПҰ-ның бастамаларын қолдау мақсатында жергілікті жердегі жобаларды іске асыру үшін партиялық жарналардың 20%-ын қайтару жүзеге асады.

Бүгінгі таңдағы қоғамның аса өзекті сұраныстарының бірі – партияның ашықтығы және халыққа жақын болуы. Пилоттық жоба ретінде мәслхаттардағы депутаттардың рейтинг жүйесі толықтай сынақтан өтті. Депутаттар атқарушы билікпен тығыз қарым-қатынаста болуы, көшпелі отырыстарды, азаматтармен кездесуді кеңінен өткізуі қажет. Бұл бағыттағы ерекше міндеттерді партиялық мәжілістегі және мәслихаттардағы фракцияларға жүктеп отыр.

Партияның жастар қанатының жұмысын толықтай қайта жаңартудың маңыздылығы айтылды. Жастарға арналған бірқатар жобалар іске қосылады.

Бұл істе тыңнан түлеген, сындардан шыңдалған партияға жүктелер жауапкершілік салмағы ерен. Партия халықты ортақ мақсатқа жұмылдырды. «Қазір уақыт бүкіл қазақ қоғамынан жаңаруды, тазаруды, барынша бекем ұлт болуды талап етіп отыр. Бүкіл әлемдегі ахуал өзгеріп жатыр жаңа құндылықтарымен қатар, күрделі сын-қатерлер пайда болуда. Осындай аумалы-төкпелі уақытта еліміз дамудың келесі кезеңіне қадам басты. Біз «Жаңа Қазақстан» құруға кірістік. Бұл ауқымды міндет. Тіпті болашақ тағдырымызды шешетін аса маңызды жұмыс деуге болады» деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі – бәрімізге нақты бағдар. Президент елдегі жетекші саяси ұйымды жаңарту туралы айтқанда қазақтың «ұйытқы» деген әдемі сөзін қолданды. Шын мәнінде барлық іс-әрекетке ұйытқы болар күш керек. Жаңадан бір нәрсе ойлап табудың қажеті шамалы, қолдағы барды ұқсату қажет. «Өзгерісті ең алдымен өзімізден бастайық» деген Президент «партияның аты затына сай болсын» деген тілек білдірді. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов саяси ұйымның атауын «AMANAT» деп өзгертуді ұсынды. «AMANAT» деген сөз қазақ үшін қасиетті. «Егемендігіміз, елдігіміз бен бірлігіміз кең байтақ жеріміз – бізге бабалардан жеткен аманат. Осы қастерлі құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, болашаққа мирас етуіміз керек. Халқымыз ешқашан аманатқа қиянат жасамаған» деп Қасым-Жомарт Кемелұлы аталған ұсынысты қолдады.

Партия Президенттің саясатын жүзеге асыруда жақсы көмекші болатынына сенемін. Ең басты мәселеге саяси тұрақтылық пен санкцияның текетірес жағдайында партияның әлеуетін мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен оның азаматтарының әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағыттау. Партия барлық реформалардың катализаторына айналуы тиіс.

Елді жікке бөліп, әлсірету қазіргі кезеңнің іштегі де, сырттағы сын-қатерлерге төтеп беруге кедергі келтіреді. Бұл тығырыққа тірейтін жол.

Олай болса еншіміздегі мирасты талан-таражға салмай, сақтап, керек болса, кемшін тұстарын түзетіп, келер ұрпаққа тапсыру керек.

Партияның жаңаша «AMANAT» деп аталуы мен осы абройлы міндеттің, сондай-ақ сайлаушылардың аманатын орындау арасында айқын үндестік байқалады. Олай болса, қазақтың қоғамдық алаңында орын тепкен саяси күштер ескі алыс-жұлысты, бір-бірін қаралауды қойып жаңашылдық талабына сай бой түзегені жөн.

Жөн сөзге тоқтаған жұртпыз. Ұлағатты тәрбие көрген ұлтпыз. Бір нәрсені анық ұғынған абзал. Бізге қуатты да, әл-ауқатты Қазақстанды ешкім құрып бермейді. Бәрін өзіміз істеуіміз қажет. Осыны әрбір қазақстандық қаперде ұстағаны абзал. Сонда біз қуатты да әл-ауқатты Жаңа Қазақстанды құратынымыз сөзсіз.

Әліби ХАЙДАРОВ,

«Nur Otan» партиясы Исатай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521