ИСАТАЙ АУДАНЫНДА ПРАЙМЕРИЗДІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

«Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 17 тамызы мен 3 қазаны аралығында партияішілік таңдау- праймериз өткізу туралы қаулыға қол қойғаны белгілі. Қазіргі уақытта аталған науқанға байланысты қызу жұмыстар жүргізілуде.

Осыған орай «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев бастаған жұмысшы тобы ауданымызға келіп, аудандық мәслихат депутаттарының, бастауыш партия ұйымдары төрағаларының, кадрлық резерв үміткерлерінің, «Жас Отан» жастар қанаты өкілдерінің қатысуымен жиын өткізді. Жиында алдымен «Nur Otan» партиясы Исатай аудандық филиалы төрағасының орынбасары Айбатыр Бекішұлы партияішілік таңдау-праймериз бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстар туралы қысқаша хабарлама жасады.

Бұдан кейін сөз кезегін «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев алды. - Бүгінгі жиынның негізгі мақсаты- праймеризді өткізу және ұйымдастыру бойынша дайындық жұмыстарын талқылау. Сондықтан сіздерді емін-еркін ашық пікірлесуге шақырамын,-деп бастады ол алғашқы әңгімесін.

117824893_779885559483468_3509217175116358615_o

Оның айтуынша, праймериз дегеніміз- Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттыққа, партияның, филиалдарының органдарына кандидаттарды ұсынуға, үздік резервті анықтауға арналған партияішілік іріктеу. Праймериздің ережесі партия филиалының парақшаларында, әлеуметтік желілерде толық жарияланған. Бұрын да партияішілік іріктеулер өтіп тұрған. Бұл праймериздің ерекшелігі - үміткерлер жария пікірсайысқа түседі, сайлауалды тұғырнамаларын ұсынады. Ұсынып қана қоймай, оны елге түсіндіреді. Партияішілік іріктеуде дәстүрлі дауыс берумен қатар онлайн формат режимінде дауыс беруді де өткізу жоспарлануда.

Осы саяси додаға дайындық барысына тоқталған Н.Жұмахметұлы партияішілік іріктеуге қатысуға әрбір азаматтың мүмкіндігі бар екенін де жеткізді. Партияға кіру жолы да жеңілдетілген. Әрине, адам өзін бұл додаға еркін ұсына алады. Бірақ кейін партияға кіруі тиіс. Азамат өз кандидатурасын ұсынған күннен кейін, небары 3 күнде партияға қабылдана алады.

117832958_779885656150125_5572920477584331564_o

Әсіресе, бұл - жастар үшін жақсы мүмкіндік. Елбасының тапсырмасы бойынша әрбір мәслихат пен Мәжіліске арналған партиялық тізімдерде кемінде 20% 35 жасқа дейінгі жастарды қамту жоспарланып отыр. Қазір халықпен тікелей диалог орнатып, түрлі мәселелерде өз ойын еркін жеткізе алатын көшбасшылар қажеттілігі туындап тұр. Үміткерлерді тіркеу 17 тамызда басталады. Қатысам деуші азаматтар тұрғылықты мекен-жайы бойынша жергілікті бастауыш партия ұйымдарына, партия филиалдарына барып құжаттарын өткізулері тиіс. Осы праймериз арқылы елді алға жетелей алатын жаңа тұлғалар шығады деп сенемін»,-деп түйіндеді ол сөзінің соңын.

Сондай-ақ жиында жұмысшы тобының басқа да бөлім меңгерушілері кезек-кезек мінберге шығып, қатысушыларға праймериздің артықшылықтары мен ерекшеліктерін, ереже-қағидаттарын таныстырды, олардың тараптарынан қойылған сұрақтарға жауаптар қайтарды.

Айта кетейік, кешеден бастап праймериздің алғашқы кезеңі басталды. Онда үміткерлер ұсынылып, тіркелуі тиіс. Бұл 17-29 тамыз күндері аралығында өтеді. 

Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521