Патриот өзін сөзде емес, істе көрсетеді

Халық өмірінің сапасын арттыру мәселесі мемлекеттік саясатта әлеуметтік тұрғыдан алғанда маңызды міндет саналды және солай болып қала береді.

Биылғы Жолдау жұртшылық тарапынан кең қолдауға ие болып, көптеген жақсы пікірлер айтылуда. Онда айтылған міндеттер мен мақсаттар халықтың әл-ауқатын арттырып, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал етері сөзсіз. Президенттің қай жылғы Жолдауын алсақ та, халықтың тұрмысын жақсартып, ел экономикасын көтерумен қатар, жастардың жұмыспен қамтылуына баса назар аударатынын көреміз.

Жолдауда Елбасы Ұлттық жаңғыру комитетін құруды тапсырды. Мемлекет басшысы қазақстандықтар жаңалықтарға жақын болып, жаһандық үдерістерге ілесе отырып, басқа елдердің озық жетістіктерін бойға сіңіруге дайын болуы қажеттігін атап айтты. Сондай-ақ, халықтың өткен тарихы мен рухани құндылықтары – Қазақстанның бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерін шешуге көмектесетін фактор. Адамды тілі, діні, ділі, мәдениеті, салт-дәстүрлері арқылы ғана тәрбиелеуге болады. Өз жерін, елін танып-білген, рухани құндылықтармен сусындаған, оны бойына сіңірген азаматтар ғана нағыз отаншыл патриот болмақ. Қазіргі таңда бәріміздің, оның ішінде ауданның барша ардагерлерінің алдында тұрған ең басты міндет – Президенттің Жолдауын халыққа түсіндіру және оның жүзеге асырылу барысына қоғамдық тұрғыда араласып, атсалысуға ұйымшылдықпен қатынасу.

Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауы болашаққа бағыт-бағдар беретін басты құжат деп есептеймін. Елбасы жүктеген міндеттерді абыроймен атқаруымыз керек. Биылғы Жолдау барша қазақстандықтардың жағдайын жақсартып, әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік өзгерістердің кешенді бағдарламасы десек те болғандай. Ең бастысы, елге бірлік пен ынтымақ керек. Елбасы айтқандай, бірлескен күш-жігеріміздің арқасында ғана біз ұлы асуларды бағындыра аламыз!

Ботагөз ҚҰЛҒАЛИЕВА,

аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521