Полиция жұртқа жақын болуы керек

«Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды» деді Президент.

Сонымен қатар Жолдауда «Жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша жергілікті полиция қызметінің мейлінше тұтас реформасын жасау қажеттігі пісіп-жетілгені, осыған орай учаскелік инспектордың рөліне баса мән берілетіндігі және учаскелік инспектордың мәртебесін заңнама арқылы арттыру оның өнімді жұмыс істеуіне мол мүмкіндік беретіні айтылды.

Қазіргі уақытта аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінде 10 учаскелік полиция инспекторы, 2 учаскелік полиция инспекторының көмекшісі қызмет атқаруда. Бос лауазым біреу. Полиция инспекторларының қызмет етуіне жағдай жасалуда, олар 8 автокөлікпен, жергілікті әкімдіктің қолдауы арқасында 6 қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілген.

Инспекторлардың өздеріне бекітілген әкімшілік аумақтарында қоғамдық орындар мен көшелерде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуда қызмет атқарып, халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жүргізуде. Нәтижесінде аудан көлемінде тіркелген қылмыс саны 14,3 пайызға төмендеп, учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен 18 қылмыс ашылды.

- Жолдауда ерекше мән берілгені – құқық қорғау органдары қызметкерлерін жұртпен ашық әңгіме жүргізуге үйретудің маңызы зор екендігі. Бұл бағыт кадрларды даярлау және іріктеу жүйесінде басымдыққа айналуы қажеттігі, сондай-ақ балалар құқын қорғау жөніндегі, басқа да шараларды күшейту керектігі атап көрсетілді. Полиция қызметкерлері бағдарланған міндеттерді нәтижелі жүзеге асыруға өз үлестерін қосатынына сенім білдіремін.

Бейбітжан АЙЖАРЫҚОВ,

Исатай аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521