Праймериз: үміткерлер өзекті мәселелерді қозғады

Исатай ауданында "Nur Otan" партиясы аудандық филиалының кезектен тыс 34-конференциясы өтті.

conf11-min

Бұл - елімізде тұңғыш рет өткен праймериздің екінші кезеңі. Жиында партияішілік іріктеудан өткен жерлестеріміз Атырау облыстық мәслихат депутатына үміткер болып, партиялық тізімге енуге мүмкіндік алмақ. Партияішілік демократияның жаңа үлгісі, елді дамыту мәселелерін талқылауға арналған ашық алаңға Исатай ауданының әкімі М.Мурзиев, бастауыш партия ұйымының төрағалары, жергілікті атқару органдар басшылары, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.

zal11-min

Алғаш сөз бастаған аудан әкімі конференцияның қарауына 5 мәселе енгізілгендігін айтты.

Олар мыналар:

1. "Nur Otan" партиясының аудан бойынша 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы жобасын бекіту;

2. Атырау облысының мәслихатына аудан атынан ұсынылатын партиялық тізімге кандидаттарды пікірсайыс арқылы ұсыныс;

3. Аудандық мәслихатына "Nur Otan" партиясының партиялық тізімді бекіту;

4. "Nur Otan" партиясы Атырау облыстық филиалының кезектен тыс 32-конференциясына делегаттарды сайлау;

5. "Nur Otan" партиясының аудандық филиалының саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу.

sailau11-min

Мандат комиссиясының төрағасы Ерлан Мақсотов бастауыш партия ұйымдары жиналысының делегаттарын сайлау жөніндегі хаттамалары негізінде партия жарғысының 9.6 тармағына сәйкес аудандық партия конференциясына барлығы 50 делегат сайланғандығын хабарлады.

erlan11-min

Бұл пікір сайыстық доданың басты талабының бірі - үміткерлер өз ойларын ортаға салып, қарсыластарының сұрақтарына жауап беру. Соған сәйкес ауданымыз бойынша Атырау облыстың мәслихат депутаттық корпусына үміткер кандидаттар өңірлік проблемаларды шешуге өзіндік көзқарастарын білдіріп, жоспарларымен таныстырды. 

Пікірсайыс қорытындысы бойынша шыққан дауыс беру нәтижесіне сәйкес Әлібек Семғалиев - 44, Индира Дүсіпқалиева - 37, Нұрым Мусин - 32, Анес Сидеғалиев 4 дауысқа ие болды.

Жиын соңында "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айбатыр Бекішұлы аудандық мәслихаттың партиялық тізіміне ұсынылатын кондидаттарды атап өтті.

Байболат СҰҢҒАТОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521