Президент Алматыдағы өртте көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

 Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматыдағы «Ақкент» ықшам ауданында болған өрт кезінде адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азамат марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады:

1) Ахметханов Тілеужан Сапарғалиұлы – «Expo Masters» ЖШС менеджері, Алматы қаласы;

2) Гюнай Шюкрю – «Спарк Электромеханик» ЖШС электригі, Алматы қаласы;

3) Исмаилов Эльдар Александрович – «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;

4) Йерделен Халил – «GASK Construction» ЖШС автокран операторы, Алматы қаласы;

5) Мамедов Кенан Бабаұлы – «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;

6) Романов Вадим Анатольевич – «Frank-Asia» ЖК автокран операторы, Алматы қаласы.

Еске салайық, Алматыда 16 қабатты үйде өрт тұтанған болатын. Қызыл жалын оқшауланып, сөндірілді. Оған дейін тұрғындар балаларын терезеден лақтырды. Зардап шеккендердің ішінде 2 жүкті әйел бар.

Кейін Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы бір адамның қаза тапқанын хабарлады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT