Президент Атырау жұртшылығымен кездесуде 2000 жылдардағы қиындықты еске алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысы жұртшылығымен кездесуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін сіздермен шежіресі бай, қазынасы мол Атырау жерінде кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Қойнауы қара алтынға толы бұл аймақ еліміздің экономикасының дамуына елеулі үлес қосуда.

Ақ Жайықтың атырабы әрдайым Қазақстанның экономикалық тірегі болып келеді. Шын мәнінде, тәуелсіз ел ретінде аяққа нық тұруымызға Атырау тұрғындарының рөлі маңызды болды», - деді Президент басқосуда.

Ол бүгінде мұнайдың бағасы едәуір жоғары болып тұрғанын атап өтті.

«Осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын мен Үкімет басқарған кезде мұнайдың бағасы 10-15 доллар еді. Ірі кен орындары игерілмеген, заманауи технология келе қоймаған шақ болатын. Мұнайды экспорттау жолдары шектеулі, өте қиын заманды бастан өткердік», - деген Мемлекет басшысы атыраулықтардың сол аса күрделі кезеңде елімізді дамытуға атсалысып, еңбек еткендерін еске салды.

Аймақ халқы қазір де мемлекетімізді нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосып жатыр.

»Сол үшін өздеріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Бұл өңірде мұнайшылық байырғы кәсіпке айналған. Қазақ мұнайының атасы атанған Сафи Өтебаевтың жолын ізбасарлары лайықты жалғастырып келеді», - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

 

сурет ашық дереккөз

Республика күні

25qazan-respublika

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика