Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында халықты баспанамен қамту саясаты қалай жалғасатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Халықтың басым көпшілігі үшін тұрғын үй – ең өзекті мәселе. Маған азаматтардан күн сайын жүздеген өтініш келеді. Оның ішінде қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді сұраған хат өте көп. Бұл түйткіл мемлекет тарапынан мүмкіндігінше шешіліп жатыр. Тағы да қайталап айтамын, мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің пайымынша, тұрғын үй саясаты нарықтағы ахуалға тығыз байланысты.
«Сондықтан, біз осы саладағы саясатымызды қайта қарап, оның мейлінше әділ әрі икемді болуын қамтамасыз етуіміз керек», - деді Мемлекет басшысы.
Сурет: ашық дереккөз