Президент пен халық сенімін ақтауға бар күш-жігерімді жұмсаймын - Мәулен Әшімбаев

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы лауазымына қайта сайланған Мәулен Әшімбаев әріптестеріне өзіне сенім білдіргені үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі палата отырысына Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы келіп қатысты. Конституцияға сәйкес, Президентіміз Сенат төрағасы қызметіне кандидатураны ұсынып, маған зор сенім білдірді. Бұл - мен үшін үлкен жауапкершілік. Сіздер Мемлекет басшысының ұсынысын қолдап, дауыс бердіңіздер. Сол үшін өздеріңізге алғысымды білдіре отырып, Президентіміздің және халықтың сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын деп сендіргім келеді», - деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасы Президент Парламенттің алдына жаңа міндеттер қойғанын еске салды.

«Жаңа Мемлекет басшысы Парламенттің алдында тұрған басты міндеттерді белгілеп берді. Президентіміз осыған байланысты біздің алдымызға нақты мақсаттар қойып отыр. Шын мәнінде атқаратын жұмыс аз емес. Әсіресе елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды заңнамалық тұрғыдан уақтылы қамтамасыз ету аса маңызды. Сондықтан мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді сапалы орындауымыз керек. Осы жолда бәріміз бірге, нәтижелі еңбек етеміз деп сенемін», - деді Сенат спикері.

 

Фото: senate.parlam.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521