«Президент сайлауы – Жаңа «Әділетті Қазақстанды» қалыптастыруға бағытталған ізгі қадам»

Исатай ауданында тұрғындардың дауыс беру белсенділігі жоғары. Әсіресе, аудан орталығындағы учаскелерде дауыс беру қызу жүріп жатыр. Аудандық Қоғамдық кеңестің хатшысы, зейнеткер Жансих Маштахов та сайлаушылардың қатарынан табылды.

-Тарихи сәтті, таңдаулы кезеңді үлкен үмітпен күтіп, бүгін кезектен тыс Президент сайлауында өз таңдауымды жасадым. Президент сайлауы – Қазақстанның жаңа жолын дамудың биік белестеріне, жарқын болашаққа бастайтын тарихи ерекше әділ сайлау болып жадымызда қалып, сайлауға ұйымшылдықпен қатысып, үлкен жауапкершілікпен азаматтық борыштарын өтеп дауыс берген күллі қазақстандықтардың сенімдерінен шықса екен деп тілек етемін. Өйткені, халық қашан да әділ сайлау мен әділетті сенімге иек артып, сол арқылы өзінің де болашақ баянына сенімділік тұғырын орнықтырған. Олай болса, бүгінгі «Президент сайлауы – Жаңа «Әділетті Қазақстанды» қалыптастыруға бағытталған ізгі қадам» деп қабылдайық,-деді зейнеткер өз таңдауын жасап болғаннан кейін.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521