Президент сайлауы: Қарақат Әбден кандидат ретінде ресми тіркелді

ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясы 20 қарашада кезектен тыс өтетін президент сайлауына Қарақат Әбденді кандидат ретінде тіркеу жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының күн тәртібінде бір ғана мәселе қаралды.

«Орталық сайлау комиссиясының 11 қазандағы қаулысымен кандидатураның заң талаптарына сәйкес келетіндігі анықталды. Үміткерге азаматтардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтары берілді. Аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес ҚР Президенттігіне кандидатты қолдаған еліміздің 15 өңірінен 121 314 азаматтың қолы жиналды. Оның ішінде 120 158 қол тексеріліп, 118 418-і сенімді деп танылды»,- деді орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов.

Сондай-ақ, ОСК мүшелері үміткердің кандидатурасын қабылдау туралы қаулыны дауысқа салды. Нәтижесінде бірауыздан оң шешім қабылданды.

«Орталық сайлау комиссиясы 2020 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс президент сайлауына Қарақат Жақсылыққызы Әбденді кандидат ретінде тіркейді», - деді орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Отырыс соңында ОСК төрағасы үміткерге кандидат куәлігін табыстады.

Еске салсақ, 7 қазанда «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі кезектен тыс президент сайлауына Қарақат Жақсылыққызы Әбденнің кандидатурасын ұсынған болатын.

10 қазан күні ҚР Орталық сайлау комиссиясында Қарақат Әбден мемлекеттік тілді білу деңгейі бойынша емтиханды сәтті тапсырды.

Ал 11 қазанда Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне кандидат Қарақат Әбденнің барлық талапқа сәйкестігі туралы қаулы қабылдады.

 

 сурет ашық дереккөз

Республика күні

25qazan-respublika

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика