Президент сайлауы: өзге жақта жүретіндер қалай дауыс береді?

Президент сайлауында дауыс беретіндердің тізімін жергілікті атқарушы органдар жасайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіркелген жері бойынша дауыс беру күнінде сайлау учаскесіне бара алмайтын азаматтар бір ай қалғанда әкімдікке хабар беруі керек. Яғни қазанның 20-сынан кешіктірмей, жергілікті атқарушы органға нақты орналасқан жерін айтуға тиіс. Сөйтіп, әлгі азамат тұрғылықты мекенжайы негізінде тұрған учаскеден шығарылып, сол кезде жүрген нақты орны бойынша тиісті учаскеге тіркеледі.

Мұндай құқыққа кімдер ие болады?

Бірінші, дауыс беру күні тіркелген жерінде болмайтынын білетін азаматтар, екіншіден басқа қаладан келгендер, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында оқитындар, жатақханада тұрмайтын студенттер, үшіншісі – вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер. Бұл жөнінде ақпаратты тиісті әкімдік сайтынан немесе call-орталықтан білуге болады.

Азаматтар өзі туралы деректерді 4 қарашадан бастап тексере алады.

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT