Президент Жарлығы бойынша аудан әкімінің алғашқы кездесуі өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес бүгін Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасанов Қамысқала ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуге ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Марат Иғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Мұханбеталиев, аудандық мәслихат депутаттары, коммуналдық қызмет көрсететін мекеме өкілдері, жергілікті қоғамдастық мүшелері және ауыл тұрғындары қатысты.

img_3900

Жиында баяндама жасаған аудан басшысы Полымбет Хасанов Қамысқала ауылдық округі бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталып өтті. Оның сөзінше, биыл аталған округте 8,6 шақырым ауылішілік автокөлік жолдары және жаяу жүргіншілерге арналған 4,3 шақырым жол құрылыс жұмыстары қолға алынбақ.

Бұл барлығы 13 көшені қамтиды. Аталған жоба бойынша өткен жылы мемлекеттік сатып алу (тендер) өткізіліп, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданына қарасты «Промстроймонтаж» мердігер мекеме болып айқындалған. Аудан басшысы биылғы жылы республикалық «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жол құрылыстары жұмыстарына қажетті қаржының 50%-ы бөлінгенін және құрылыс жұмыстарының осы жылы басталатынын мәлімдеді.

img_3905

Сонымен қатар, ауыл ішінде көше жарығын жүргізу мақсатында өткен жылы жобалық-сметалық құжаттамасын жүргізуге қаржысы бөлініп, мемлекеттік сатып алу өткізіліп, мердігер мекеменің анықталғанын жеткізді.

- Ауылдағы 23 көшеге көше жарығын тарту жоспарымызда тұр, - деді ол.

Ауызсу мәселесі де аудан басшысының назарынан тыс қалмады. Өз баяндамасында ол биыл ауыл ішіндегі гидранттарды толықтай жөндеу, су тазарту имаратының ескірген қоршауын қайтадан жаңарту, су желісін ішінара ауыстыру және 160 шаршы метр болатын су мұнарасын салу жоспарда тұрғанын айтты. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда. Бұдан бөлек, дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеуден өткізу мәселесі айтылды.

– Күрделі жөндеу жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу өткізілуде. Мердігер мекеме анықталысымен, жөндеу жұмыстары басталады, - деді аудан басшысы.

img_3938

Бүгінгі жиынға жол құрылысы жұмыстарына жауапты мердігер мекеме «Промстроймонтаж» мекемесінің өкілі Асқарбек Аманқосұлы арнайы келіп, тұрғындар алдында құрылыс жұмыстарына қатысты жоспарымен бөлісіп, жол құрылысын сапалы және уақытылы тапсыратынын, қазіргі таңда қажетті техникаларды тасымалдау жұмыстары жасалып жатқандығын жеткізді.

img_3915

Жоғарыда аталған мәселелердің шешілуі өзекті екенін айтқан ауыл үлкендері бұған дейін жиі кездесулер өткізіп жүрген аудан басшысының қызметіне оң бағасын берді.

Жиында аудандық мәслихат депутаты Нұрым Мусин және ауыл тұрғындары өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Әділбек СЫРЫМОВ

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521