Президент жолдауына - халықтың қолдауы

 

Қазақстан Президенті  Қасым -  Жомарт  Тоқаевтың кезекті  Жолдауын бар ынтаммен тыңдап шықтым. Жөн сөзге құлақ асатын зерделі жанға жан жадыратар жағымды  жайлар аз емес деп ойлаймын.

Үкімет алдында тұрған ең басты міндет инвестициялық саясатты өте жедел  ыждағатпен жүргізу екендігі ең бірінші кезекте болуы керектігін айтты. Өйткені әлемде инвестицияға талас өте  қарқынды жүруде , сондықтанда Қазақстанда өз үлесінен құр қалмауы керектігін Үкіметтің қатеріне бере отырып , өте жедел  он күн мерзім ішінде нақтылы ұсыныс күтетіндігін айтуы Үкімет мүшелерінің әсте қалғып кетпеуі керектігін көрсетті.

Сондай- ақ жасанды интеллект мен цифрлық технологияның өмірімізге  өте шапшаңдықпен енуін жүзеге асыру мәселесіде осы инвестициялық саясатты пәрменді жүргізудің бірден - бір жолы екендігіне назар аудара отырып  жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру идеясын тастады. 

Ал бір палаталы Парламент қалыптастыру мәселесі халықтың  жылдар бойы айтып келе жатқан пікіріне  -  «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын орындау бағытындағы қадам болғанымен, мұның өзі де жасанды интеллектінің әсері депте қабылдауға болатын жағдай деп ойлаймын. Өйткені мұның артында әртүрлі салалық министрліктер мен басқару ұжымдарындағы ( әкімшіліктер , басқармалар , агенттіктіктердер т.с.с. ) аппараттарындағы тиімсіз далиған  штаттарды да шектеу керектігін нұсқағандай болып көрінеді. Өйткені ол қызметтерді күні ертең жасанды интеллект атқаратындығы анық қой.

Ал әуе арқылы жүк тасымалдау мәселесі тіпті қызық секілді. Себебі жер бетін шиырлаған теміржолдар мен автокөлік жолдарын салу , оларды күтіп ұстаудан гөрі әуе тасымалы әлдеқайда тиімді болары сөзсіз. Сөзімді қорыта келе Президент Жолдауынан кейінгі қысқаша әсерімді білдіре отырып жолдауды қолдайық , еліміздің болашағына сеніммен қарайық дегім келеді.

 

Мусин БЕКБОЛАТ,
Ардагер ұстаз, мемлекеттік қызмет саласының ардагері, Исатай ауданының Құрметті азаматы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT