Аудан прокуратурасының үйлестіруімен пробация қызметі және Отбасын қолдау орталығы бірлесіп пробация есебінде тұрған тұлғалар арасында үстел теннисінен спорттық жарыс ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты – пробация бақылауындағы азаматтардың қоғамға бейімделу деңгейін арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу. Сонымен қатар жарыс қатысушылардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және олардың қоғамға қайта бейімделуіне оң ықпал етуге бағытталды.
Спорттық шара достық әрі тартысты жағдайда өтті. Қатысушылар өзара бақ сынап қана қоймай, бос уақытты тиімді өткізудің үлгісін көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар қайта қылмыс жасаудың алдын алуда және азаматтардың қоғаммен байланысын нығайтуда маңызды рөл атқарады.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға алғыс білдіріліп, марапаттар табысталды.
Исатай аудандық прокуратурасы


