Ағымдағы жылдың қаңтар айында Исатай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері әкімшілік аумақта профилактикалық есепте тұрған тұлғаға қатысты түсіндіру-профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Іс-шара барысында азаматқа Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптары, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Осы бағытта профилактикалық есепте тұрған тұлғалармен аудандық полиция бөлімінде тұрақты түрде кездесулер ұйымдастырылып тұрады. Сонымен қатар, олардың тұрғылықты мекенжайларына барып, белгіленген уақытта тексеру іс-шаралары жүргізіледі.
Оларға белгіленген шектеулерді қатаң сақтау қажеттігі ескертіліп, құқық бұзушылықтарға жол бермеу бағытында нақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған профилактикалық шаралар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды.
Куанышев Ринат Болатович,
Исатай аудандық полиция бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны


