Қамысқала әкімі жеңімпаз атанды

Бүгін селекторлық режимде «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының облыстық кезеңдегі комиссиясының отырысы өтті.

Өңірлік конкурстық комиссияның отырысында ауылдық округ әкімдерімен жеке әңгімелесу жүргізіліп, олардың жобалық жұмыстары мен мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтау мәселелері, жергілікті әкім жұмысының тиімділігіне халықтың қанағаттану деңгейін анықтайтын сауалнама қорытындысы қаралды. «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен мамыр айынан бастау алған болатын.

Байқауда Атырау облысы бойынша 6 ауылдық округ әкімі бақ сынады.

Конкурстық комиссияның шешімімен «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпазына Қамысқала ауылдық округінің әкімі Рафиғат Тажиденова лайықты деп танылды.

Конкурстың ережесіне сай, Р.Тажиденова республикалық кезеңге жолдама алды.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521