Қамысқала ауылдық округі тұрғындарының назарына!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына және Исатай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 14 наурыздағы №119-VII шешіміне сәйкес, Қамысқала ауылдық округі әкімі Р.А.Тажиденова ағымдағы жылдың 14 сәуір күні сағат 10.00-де Жасқайрат елді-мекенінің тұрғындарымен кездесу жиыны және жеке қабылдау 12.00-де, 15 сәуір күні сағат 10.00-де Ауқайраң елді-мекенінің тұрғындарымен кездесу жиыны және жеке қабылдау 12.00-де, 21 сәуір күні сағат 10.00-де Х.Ерғалиев ауылының тұрғындарымен Қамысқала мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен, жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кездесу жиыны өтеді.

Сондай-ақ, кездесу жиынынан кейін, округ әкімінің жеке қабылдауы өтетінін қаперлеріңізге береміз.

Алдын ала, көкейтесті сұрақтарыңыз бен өтініштеріңіз, ұсыныс-пікірлеріңіз болса, Қамысқала пошта байланыс бөлімшесі (Қ.Хисин көшесі, №27 үй) және Қамысқала ауылдық округ әкімі аппараты (И.Шөкетаев көшесі, №4 үй) ғимараттарында орналасқан ұсыныстар жәшігіне немесе ауылдық округ әкімдігінің фэйсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасына қалдыруларыңызға болады.

Келіп түскен сұрақтарға 21 сәуір күні өтетін кездесу жиынында толық жауабы беріледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз