Қамысқала ауылдық округінің әкімі жұмысына кірісті

Бүгін Қамысқала ауылдық округі әкімінің сайлауында ең көп дауыс жинап, жеңіске жеткен Рафиғат Тәжиденова Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 10 қарашадағы №25 Қаулысы негізінде шығарылған Исатай ауданы әкімінің өкімімен Қамысқала ауылдық округінің әкімі ретінде жұмысын бастады.                                                                 

Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасанов Х.Ерғалиев ауылындағы мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесіп, Рафиғат Тәжиденованың жұмысына сәттілік тілеп, бірқатар тапсырмалар берді.

Атап айтсақ, бірінші кезекте ауылдың тазалығы мен ішкі жолдардың сапасын жақсартуды, яғни Х.Ерғалиев ауылында келесі жылға жоспарланған 8,4 шақырым ішкі жол мен 4 шақырым жаяу жүргіншілер жолын салуды бақылауда ұстап, жоғары деңгейде атқаруды, одан кейін ауылды жарықтандыру мен тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау үшін денешынықтыру кешені мен жастарға шағын футбол алаңдарын салу, Жасқайрат елді мекеніне тартылып жатқан газ желісінің жұмыстарын қадағалау секілді жұмыстарды тапсырды. Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті дамыту бағытында мемлекеттен берілетін қолдаулардың кәсіпкерлерге толық көрсетілуіне жағдай жасау маңызды екенін атап өтті.                

 _

- Мен жаз мезгілінде ауылдарды аралап, тұрғындармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдадым және ауыл әкімдерінің есеп берулерінде айтылған мәселелерді де қарап шығып, ауылдық округтерде атқарылуы тиіс жұмыстардың іс-шаралар жоспарын жасақтап бекіттім, сол бойынша ауылдық округ әкімдеріне міндеттер жүктеп отырамын, - деді Полымбет Хасанов.

_dsc0070

Айта кету керек, Рафиғат Тәжиденова Қамысқала ауылдық округі әкімінің лауазымында бұған дейін төрт жыл қызмет атқарды және «Үздік ауыл әкімі» облыстық байқауының жеңімпазы атанды.

Нұрболат НҰҒМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521